Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығында өткізілген тәжірибелік шығу сабағы

28.06.2019

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Жол картасында белгіленген басты басымдықтарды, институт тыңдаушыларын тәжірибелік-бағдарлы оқытуға арналған үшінші бағытты орындау бойынша белгілі бір шаралар жүзеге асырылуда.

Осы орайда, 2019 жылғы 25-27 маусым аралығында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығында Криминалистика пәні бойынша арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары үшін тәжірибелік сабақтар өткізді.

Сабақ барысында аға инспектор-кинолог Г.Я.Жүсіпов  тыңдаушыларға ит үйретушілердің жұмысын ұйымдастырумен, патрульдеу кезінде учаскелік инспекторлармен, жедел-тергеу бөлімшелермен, сараптамалық мекемелермен өзара іс-қимыл тәртібімен таныстырды. Одорологиялық сараптама жүргізудің тәртібі мен ережелерін, сондай-ақ тексеру мен іздеу кезінде есірткі құралдарын табуды, анықтауды және тұрғын үйді және көлік құралын іздеу тәртібін айқын көрсетті.

Соңында тыңдаушылар сабақ тақырыбы бойынша аға инспекторға сұрақтар қойып, толық әрі нақты жауаптар алды.

ҚПжК кафедрасының

оқытушысы

полиция майоры

З.А.Мухангалиева