Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының жанындағы лаңкестікке қарсы мамандар даярлау орталығының базасында “Экстремистік сипаттағы күш қолдану іс-қимылдарына бейімділігі бар жастарды анықтаудың алғашқы дағдыларына үйрету” санаты бойынша біліктілікті арттыру курсынан өту туралы

23.09.2019

2019 жылғы 16-21 қыркүйек аралығында кәсіптік және қосымша білім факультетінің оқытушы-әдіскері, полиция майоры В. В. Хасанова М. Есболатов атындағы Алматы академиясы жанындағы лаңкестікке қарсы мамандарды даярлау орталығының базасында “Экстремистік сипаттағы күш қолдану іс-қимылдарына бейімділігі бар жастарды анықтаудың алғашқы дағдыларына үйрету” санаты бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Оқу барысында Қазақстан Республикасында тыйым салынған экстремистік және террористік ұйымдардың қызмет бағыттары мен құрылымдарына қатысты мәселелер; олардың Қазақстан аумағында пайда болуының тарихи-саяси аспектісі; елдегі діни ахуалдың ағымдағы жай-күйі мен дамуының негізгі тенденциялары, сондай-ақ сот шешімдеріне сәйкес тіркелген және өз қызметін тоқтатқан діни ұйымдарға қатысты статистикалық мәліметтер келтірілген.

Экстремистік ұйымдарға тарту барысында жастарға психологиялық әсер ету кезінде коммуникацияның вербалды және вербалды емес құралдарының технологияларын және оларды қолдану тактикасын анықтау дағдысы, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және әзірлеу кезінде ақпараттық белгі ретінде профайлингтің психологиялық әдістемелерін таңдау динамикасы алынды; ІІО қызметкерінің кәсіпқойлық белгілерінің бірі ретінде қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің маңыздылығы мен рөлі туралы айтылды.

Сондай – ақ, Шымкент қаласы ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Азиз Мұхитдиновпен және ҚазҰУ Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Төреғали Еділбайұлы Қасымовпен “Дәстүрлі ислам” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Оқу аяқталғаннан кейін ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы жанындағы лаңкестікке қарсы бойынша мамандарды даярлау орталығының бастығы, полиция полковнигі Г. М. Есболаев оқудан өткені туралы сертификат табыс етті.

Кәсіптік және қосымша білім факультетінің

оқытушы-әдіскері

полиция майоры

В. В. Хасанова