2.10.2017
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Демеуовтің жанында «ІІМ оқу орындарының қызметін және ішкі істер органдарын кадрлармен жасақтауды кешенді тексерудің нәтижесі жөнінде» өткізілген жедел бейнеселекторлық мәжіліс шешімінің 7- тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық ІІД базасында, яғни Ақтөбе облыстық ІІД-нің Ақтөбе қалалық ІІБ Елек полиция бөліміне қарасты 41- разъезд, 411- учаскеде орналасқан № 26 учаскелік полиция пункті аталған мәжілістің шешімін орындау және тыңдаушылардың теориялық білімін аумақтық ішкі істер органдарында тәжірибемен тығыз байланысты шыңдау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының әкімшілік құқық және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасының филиалы ашылды. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін институтта 2014 жылғы 03 желтоқсанда Ақтөбе облыстық ІІД-нің Ақтөбе қалалық ІІБ Елек полиция бөлімінің № 26 учаскелік полиция пунктіндегі Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының әкімшілік құқық және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасы филиалының ережесі дайындалып бекітілді.
Тәжірибе барысында ҚР ӘҚБтК-нің 434- бап (ұсақ бұзақылық), 440- бап (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 505-бап (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу,сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) және т.б. баптары бойынша толтырылған хаттамалармен танысады. Сонымен қатар, әкімшілік учаскеден 102 телефоны, яғни ЖБО және кезекші бөлім арқылы келіп түскен шақыртуларды курсанттар аталған №26 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторымен бірге уақытылы заң талабына сай атқаруда және өздерінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, дағдылары мен іскерліктерін одан әрі шыңдауда.