Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

5.07.2017

2017 жылғы 05 шілдеде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқарушы Ахметзакиров Наил Рафисовичтің Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына ресми сапары болды.
Бұл ресми сапардың бағдарламасы оқиғаларға толы және нәтижелі өтті. Институт бастығы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі
С.И. Қаракүшевпен кездесуі аясында 2017 жылғы 05 шілдеде екі ЖОО-ның арасындағы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі мен мәдени ынтымақтастық саласында Меморандумға қол қойылды. Екі жақ сонымен бірге, профессорлық-оқытушылық құрамның және курсанттардың академиялық мобильділіктің түрлі бағыттарын талқылады.
Құқық қорғау органдары академиясы ректорының м.а. институттың «Мәртебелі қонақтардың лебізі» кітабына жылы лебіздері мен алдағы уақытта жалғасын табар ынтымақтастық туралы өздерінің естелік жазбаларын қалдырды.
Ахметзакиров Наил Рафисович институт ғимараттарын аралау барысында мұражайда, жаңа оқу ғимаратында, криминалиститкалық полигонда және компьютерлік класта болды.
Кездесу соңы екі жақтың бір-біріне естелік сыйлықтарын тарту етулерімен аяқталды.

Ш.Смағұлова
РБЖ тобының инспекторы
полиция аға лейтенанты