Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында кеңейтілген жедел кеңес өткізілді.

26.01.2024

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында кеңейтілген жедел кеңес өткізілді. Институт бастығы Н.Ж.Мұхаметқалиев ІІМ кеңейтілген Алқа отырысындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің жеке құрамға қойылған негізгі талаптары мен тапсырмаларын жеткізді.

 Мемлекет басшысы қоғаммен бірге полиция да түбегейлі өзгеруі тиіс деп санайды: «Полиция қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керек. Сонда ғана жұрт полицияға сенеді, оны қорған көреді». 

Кеңесте институт бастығының оқу, ғылыми және кадр жұмысы жөніндегі орынбасарларының баяндамалары тыңдалды. Кеңесті қорытындылай келе, институт бастығы жеке құрамына 2024 жылға арналған бірқатар басым міндеттерді қойды, оның ішінде — тыңдаушылардың үлгерімін арттыру, тиімді тәрбие жұмысы және идеологиялық іс-шараларды ұйымдастыру.