Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттарына Оқу-әдістемелік жиын қатысушыларымен кездесу

3.03.2020

2020 жылғы 03 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Кәсіби даярлық факультеті 2 және 3 курс курсанттарына Оқу-әдістемелік жиын қатысушылары Ақтөбе қаласы бекетіндегі ЖПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Садирбайұлы Өсербаевпен және Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Алтыншаш Мубараққызымен Жасановамен кездесу ұйымдастырды.

Бұл іс-шараның мақсаты білім сапасын арттыру және аумақтық ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметімен танысу, практикаға бағдарланған дайындық деңгейін арттыру және кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру.

Қонақтар әкімшілік полиция бөлімінің негізгі функциялары туралы хабардар етті, Қазақстан Республикасының заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Қазақстан Республикасының заңдарыніс жүзінде бұлжытпай сақтау, азаматтардың конститутциялық құқықтарын сақтау мәселелерін қарастырды.

Кездесу соңында курсанттар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға жауап алынды. Осындай тәжірибелік кездесулерді өткізу оқу процесінің тиімділігін арттырады.