Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттарына Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы з.ғ.к., полиция генерал-майоры М.Х.Абисатовтың тәжірибеге бағытталған дәріс сабағы

1.04.2019

2019 жылдың 30 наурызында аумақтық полиция қызметтерінің ІІМ жоғары оқу орындарының оқу үрдісінің тәжірибеге бағыттылығын күшейту мақсатында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы з.ғ.к., полиция генерал-майоры М.Х.Абисатов Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы мен күндізгі оқу факультеті курсанттарына кезекті дәріс сабағын өткізді.

Дәріс барысында з.ғ.к., полиция генерал-майоры М.Х.Абисатов полиция департаментінің жедел қызметтерімен республика аумағы бойынша бірқатар сериялы адам өлтіру қылмыстарын ашуда оң тәжірибесінатап өтіп, сексуалдық негізде жасалған адам өлтіру қылмыстарына геномдық сараптама өткізуге, дәлелдемелерді бекітуге және т.б. жедел іздестіру мен процессуалдық аспектілерге толығырақ тоқталып өтті. Адам өлтіру қылмыстары кезінде жедел қызметтермен жіберілетін бірқатар қателіктер мен қылмысты ашу барысында кездесетін қиындықтарды атап өтті.

Дәріссабағы тәжірибеден мысалдар келтіріліп, мазмұнды өтті. Сондай-ақ алған білімдерін бекіту мақсатында 1998-2000 жылдарда Алматы мен Алматы облыстарында 29 адамды өлтірген банды туралы «Нехристи» шартты атауымен деректі фильм көрсетіліп, полиция генерал-майоры осы бандыны ұстауға жеке өзінің қатысқандығын айтты. Курсанттар мен қатысып отырған жедел іздестіру қызметі кафедрасының оқытушылары тарапынан қызығушылық білдіріліп, сұрақтар қойылып, өз көзқарастарымен бөлісті.

Дәрістің қорытынды бөлігінде полиция генерал-майоры М.Х.Абисатов қорытынды жасап, ұсыныстар мен тілек білдірді.

Жедел іздестіру қызметі кафедрасы

бастығының міндетін атқарушы

полиция майоры                                                                  

К.Е.Каратаев