16.03.2019
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жетілдіру туралы 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында және аумақтық полиция қызметтерінің ІІМ жоғары оқу орындарының оқу үрдісінің тәжірибеге бағытталған сұрақтары бойынша ынтымақтастығын күшейту мақсатында Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі С.Ж.Сарсенов Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жедел іздестіру қызметі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесе отырып 2 «А» курсының курсанттарына, олармен жедел іздестіру қызметі пәнінен алған білімдерін нығайту, темір жол көлігінде қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша тәжірибелік икемділіктерін толықтыру мақсатында шынайы жағдайға жақындатылған психотехнологиялық (профайлинг) элементтерін қолдана отырып, оқу- тәжірибелік сабағы өткізілді.
Сабақты өткізу барысында Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі С.Ж.Сарсенов желілік полицияның қызметін жариялап, теміржол бағыттарының ұзындығына байланысты қызмет атқарудың ауырлығын, құқықбұзушылықтармен күресте заманауи технологияларды қолданатындықтарын атап өтті. Сондай-ақ қоғам мен басқа да теміржол көлігіндегі ұйымдар мен ынтымақтастық туралы мәселелерді қарастырып өтті.
Курсанттармен шынайы жағдайда азаматтардың жеке мүліктерін ұрлау және алаяқтық қылмыстарын анықтау мен алдын алу, көші-қон сұрақтары, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыскерлерді іздестіру және т.б. бойынша іс-әрекеттер машықтанды.
Оқу-тәжірибелік сабақ соңында курсанттармен жіберілген бірқатар кемшіліктер көрсетіліп, ұсыныстар мен екіжақты тілектер білдірілді. Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі С.Ж.Сарсенов курсанттардың жалпы теориялық білімдерінің жақсы деңгейде екендігін көрсетіп, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында білім алу уақыты аралығында курсанттарға оқу-тәжірибелік сабақтарын өткізу мен желілік полиция қызметінің оң тәжібесін зерделеу жаңа форматтағы болашақ полицейлерді дайындауда өз үлесін әкелетіні сөзсіз.
Жедел іздестіру қызметі кафедрасы
бастығының міндетін aтқарушысы
полиция майоры
К.Е.Каратаев

















