Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты курсанттарының көпшілік шараға қатысқаны туралы А Қ П А Р А Т

21.11.2017

2017 жылғы 20 қарашада  сағат 15.00-де жалпы кітапхананың оқу залында кітапхана қызметкерлері  1 желтоқсан – Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған  «Ғасыр індетінен сақтанайық»  атты ақпарат сағатын ұйымдастырды.

Шараның мақсаты:  адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу, оның жұғу жолдары, одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жастарды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Шара қонақтары: Облыстық ЖИТС-ңің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігер-эпидимиологі Садықов Талғат Бисенбиевич және алдын алу бөлімінің медбикесі Алимкулова Халила Жумағалиевна.

Аталған шараға  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының терапевт дәрігері  Балғаева Гүляйим, 1А курс басшысының орынбасары Орағалиев Сағыныш және 1 курс курсанттары (50 адам) қатысты.

 Шара барысында «СПИД – әлемдік дерт» атты кітап көрмесіне, слайдқа библиографиялық шолу жүргізіліп, курсанттар арасында тақырып бойынша бірнеше ситуациялық жағдайлар  талқыланып, ой-пікірлері тыңдалды.

Жоғарыда аталған Облыстық ЖИТС-ңің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мамандары ЖИТС туралы бейнеролик көрсетіп,  курсанттардың көптеген сұрақтарына жауап берді. 

        

Жалпы кітапхана меңгерушісі               

З.Н.Карасаева