27.10.2017
2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жоғары оқу орындарының арасында криминалистикадан республикалық олимпиада өтті.
2016 жылдан бастап криминалистика мен қылмыстық процесс бойынша олимпиада өткізу жақсы дәстүрге айналды. Алдыңғы жылдары Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша брейн-рингтер, факультетаралық, республикалық олимпиадалар өткізіліп, онда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Детективтер» командасы жеңімпаз атанған болатын.
Олимпиада криминалистика тарихына, заманауи жағдайы мен даму перспективаларын қызығушылықты арттыру, ІІО тергеу қызметтері мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамының ары қарай ынтымақтастығын дамытып, бітірушілердің кәсіби деңгейін көтеру және студенттер мен курсанттарды көтермелеу мақсатында өткізілді.
Олимпиадаға әрқайсысы 5 студент немесе курсанттан тұратын 5 команда қатысты. Олар: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының «Шерлок Холмс» командасы, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «На страже» командасы, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Детективтер» командасы, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Де Юре» командасы және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «В перчатках» командасы қатысты.
Олимпиада бағдарламасы 5 конкурстан тұрып, онда қатысушылар келесіні көрсетті:
– криминалистиканың қалыптасқан уақытынан бастап қазіргі заманғы тарихынан теориялық білімдерін;
– оқиға болған орынды қараудың тәжірибелік дағдыларын, нысандардың криминалистикалық орау, бұнда қатысушылар қылмысты тексеру тәжірибесінде кездесетін әртүрлі із ақпараттарын тасушы нысандарды орауды білу және жасай алу қажет;
– оқ-дәрілер мен олардың бөліктерінің сыныптамасын білу, өлшеу құралдарын қолдана білуін;
– криминалистикалық кроссвордтарды шешу үшін теориялық білімдерін;
– саусақтардың таңбасын алу және дактилокарта бойынша өрнектер түрлерін анықтау дағдыларын;
– тінту жүргізудегі, тергеу әрекеттерін процессуалдық рәсімдеудегі білімдері, дағдылары мен шеберліктерін (тінту хаттамасын толтыру және тінту хаттамасының сызбасын дайындау).
Сонымен қатар, қатысушылардың «Визит карточкасы», ұраны және таным белгілері де бағаланды.
Командалардың жұмысын криминалистика және қылмыстық іс жүргізу саласындағы жоғары білікті тәжірибелік және теориялық мамандар, ішкі істер органдарының ардагерлері әділ қазылық етіп, бағалады.
Аталған іс-шараға сот медицинасында 50 жыл қызмет атқарған, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген қызметкері Орынбасар Наурызғалыұлы Төребаев қонақ ретінде қатысты.
Барлық олимпиадаға қатысушылар жақсы білім мен тәжірибелік дайындықтарын көрсетіп, оларды тәжірибелік конкурстарда қолданды. Әділ қазылар алқасы «Кримц-2017» және «Кримцесса-2017» номинациялары бойынша жеңімпаздарды таңдау оңайға соқпады. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанты Мақсат Асанұлы Ахметов және Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанты Зауреш Бахитбаевна Самбетова номинацияларға ие болды.
Бірінші орынды Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Детективтер» командасы жеңіп алды.
Екінші орынды Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының «Шерлок Холмс» және Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «На страже» командалары бөлісті.
Үшінші орынды Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Де Юре» және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «В перчатках» командалары місе тұтты.
Олимпиаданың соңында барлық қатысушыларға грамоталар, сертификаттар, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының атынан криминалистика бойынша кітаптар мен сыйлықтар салтанатты түрде
табысталды.
Шара өте тартысты, достық қарым-қатынаста, дұрыс бәсекелестік және командалар арасындағы жарыс түрінде өтті.
қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының бастығы
полиция полковнигі
А.Г.Игольников