27.10.2017
Орынбор облысындағы адам құқығы бойынша уәкіл А.М. Чадовтың шақыруы бойынша Ресейдегі экология жылына арналған студенттердің шығармашылық жұмысы байқауына қатысу үшін 2 және 1Б курс курсанттары келесі тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстар дайындады:
– «Загрязненность атмосферного воздуха городов Актобе и Оренбурга», орындаған: 2 курс курсанты С.С. Султанова, ғылыми жетекшісі: институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова;
– «Приграничное сотрудничество Оренбургского региона и Актюбинской области по вопросам экологической безопасности», орындаған: 2 курс курсанты А.Т. Габдулина, ғылыми жетекшісі: институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова;
– «Химическое загрязнение реки Илек хромом и бором и его влияние на окружающую среду, и здоровье человека», орындаған: 2-курс курсанты
К.А. Абдырахманова, ғылыми жетекшісі: институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова;
– «Реальность и перспективы экологического движения в России и Оренбургской области», орындаған: 1Б курс курсанты А.Б. Ермекбаева, ғылыми жетекшісі: жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі полиция подполковнигі А.К. Каримбаева;
– «Современные экологические проблемы Северо-Казахстанской области», орындаған: 1Б-курс курсанты Д.М. Шарипова, ғылыми жетекшісі: жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі полиция подполковнигі А.К. Каримбаева;
– «Экологическая политика в Российской Федерации: взгляд общественности», орындаған: 1Б курс курсанты Т.Б. Кенебай, ғылыми жетекшісі: жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі полиция майоры А.С. Абилова;
– «Основные экологические вехи за годы Независимости Казахстана», орындаған: 1Б-курс курсанты А.Х. Тобышбаева, ғылыми жетекшісі: жедел-іздестіру қызметі кафедрасының оқытушысы полиция капитаны
А.С. Байгазин.
Аталған байқау 2017 жылдың 19-20 қазаны аралығында Орынбор мемлекеттік университетінде өткізілді. Іс-шара жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ-дан Қазақстан Республикасының ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманованың жетекшілігімен келесі құрам жіберілді:
- жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі полиция подполковнигі А.К.Каримбаева;
- жедел іздестіру қызметі кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.С. Байгазин;
- 2 курс курсанттары: А.Габдулина, К.Абдырахманова, С.Султанова;
- 1Б курс курсанттары: Т.Кенебай, А.Тобышбаева, Д.Шарипова, А.Ермекбаева.
2017 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ АЗИ делегациясы «Конституционно-правовые основы правового статуса человека и гражданина в РФ и РК» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстел отырысы басталғанға дейін курсанттарға академиялық ұтқырлық аясында «Особенности разрешения семейных трансграничных споров по европейскому и российскому праву» тақырыбында 1,5 сағаттық дәріс оқылды. Дәрісті азаматтық құқық және процесс кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Е.В.Ерохин жүргізді.
Бұл мезгілде Қазақстан Республикасының ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова бастаған оқытушылар делегациясы халықаралық серіктестіктің бастығы Э.В Ясаковпен, заң факультетінің деканы, з.ғ.д., доцент Е.В Мищенкомен, мемлекет және құқық теориясы және конституциялық құқық кафедрасының доценті, п.ғ.к., Е.И.Максименкомен кездеу өткізіп, Орынбор мемлекеттік университеті мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арасындағы халықаралық серіктестік бойынша алдағы мәселелерді талқылады және басты бағыттарды белгіледі.
Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін, сағат 18.30-да делегация М.Горький атындағы Орынбор облыстық драма театрына спектакльге шақырылды.
2017 жылғы 20 қазанда делегация Ресейдегі экология жылына арналған студенттердің шығармашылық жұмысы байқауының қорытындысы бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Содан кейін университет бойынша (ММБ тарихының мұражайына, сирек және бағалы кітаптар бөлімі) экскурсия ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша байқау жұмысына ұсынылған 23 жұмыстың ішінен 5 баяндама үздік болып танылды, олардың қатарында біздің оқу орнының 2 курс курсанты А.Т.Габдулинаның «Приграничное сотрудничество Оренбургского региона и Актюбинской области по вопросам экологической безопасности» мақаласы да бар. Аталған жұмыстың ғылыми жетекшісі: институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова.
Студенттердің шығармашылық жұмысы байқауына қатысып, жеңіске жеткен 5 қатысушы да грамоталармен марапатталды, олардың ішінде ең үздік жұмыс иегері 2 курс курсанты Габдулина Айгерім де бар. Байқауға қатысқан басқа курсанттарға қатысушылар сертификаты берілді. Ғылыми жетекшілерге — институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., полиция подполковнигі Г.Ж. Сулеймановаға, ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.К.Каримбаеваға, ЖІҚ кафедрасының оқытушысы А.С.Байгазинге Экология жылына арналған студенттердің шығармашылық жұмысы байқауына қатысушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін алғысхаттар тапсырылды.
жалпы құқықтық пәндер
кафедрасының аға оқытушысы,
заң ғылымдарының магистрі
полиция подполковнигі
А.К. Каримбаева