12.03.2020
2020 жылғы 12 наурызында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасымен 2А курстың 201-205 оқу топтарына Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Сисенбай Сәрсембайұлы Дельмановтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының қылыстық-процестік құқығы» пәнінен дәріс сабағының өткізілуі ұйымдастырылды.
Сабақ барысында «Қылмыстық процесстің қатысушылары» атты тақырыпты ашу кезінде, шақырылған маманымен қылмыстық процестің қатысушыларының ұғымы, түрлері және міндеттері кең түрде ашылды.
Дәріс жүргізуші сот жүйесіне, оның ішінде, Жоғары сотта касациялық шағымдардың қаралу ерекшеліктеріне, тергеу сотының, прокурордың, қорғаушының міндеттері мен медиатордың роліне аса назарын аударды.
Дәріс барысында аудитория дәріс жүргізушімен келтірілген тәжірибелік қызметіндегі мысалдарға қызығушылық танытып, дәріс аяғында сұрақтар қойды.












