Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Жедел криминалистикалық басқармасына арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен шығу тәжірибелік сабағы

24.02.2020

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында, “Криминалистика” пәні бойынша оқу процесінің практикалық-бағдарлануын күшейту мақсатында, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры С.М.Минайдаров 2020 жылғы 23 ақпанда арнайы бастапқы  оқыту курсының 13-ші оқу тобының тыңдаушылары үшін шығу тәжірибелік сабағы өткізілді. Сабақ басталар алдында тыңдаушылар Ақтөбе облысы ІІД Жедел криминалистикалық қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. ЖББ қызметкерлері “Интеграцияланған деректер банкі”, “Папилон”, “Образ++”, “Пулегильзотека” және күнделікті қызметте практикалық қызметкерлер қолданатын басқа да іздестіру жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін түсіндірді және көрсетті.

Сабақ соңында тыңдаушылар Ақтөбе облысы ПД ЖКБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі О.С. Арықбаевқа және ЖКБ аға криминалисті полиция капитаны Б.М. Зейновке Ақтөбе облысы ПД криминалистикалық-сараптау қызметінің мүмкіндіктері туралы қызықты әңгімелері үшін, сондай-ақ криминалистердің тәжірибелік қызметіне қатысты сұрақтарға  толық жауап бергені үшін алғыстарын білдірді.

Сабақ өз мақсатына жетті, оны жүргізу барысында тыңдаушылар сот сараптамасын жүргізу әдістерімен танысып, жедел криминалистикалық тергеу әрекеттерін, сот-баллистикалық, трасологиялық, қолжазба сараптамасын жүргізу туралы ұсыныстар алды.

Қылмыстық құқық, қылмыстық

процесс және криминалистика

кафедрасының   

аға оқытушысы 

полиция майоры    

С. М. Минайдаров