Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел

16.08.2021

2021 жылғы 12 тамызда қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары полиция подполковнигі Л.А. Жұбандықова және полиция майоры Р.Б. Молдыбаева Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен Құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі шараларды іске асырудың 2021 жылға арналған жоспарын орындау шеңберінде онлайн режимде өткізілген кеңейтілген дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара барысында Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын оңтайландыру мәселесі, оның ішінде: қылмыстық теріс қылықтар институтының проблемалары, аталған институттың тағдыры жөніндегі ұсыныстар; қылмыстық жазаларды тағайындау ережелерін оңайлату, оларды тағайындау кезінде артық “математикалаудан” бас тарту, жаза түрлерін оңтайландыру; сотқа дейінгі тергеу нысандарын оңтайландыру сұрақтары талқыланды.