Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ӘМ Ақтөбе өңіраралық сот-медициналық сараптама орталығының базасына шығу сабақтары

11.10.2021

Ағымдағы жылдың 04-08 қазан аралығында Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен, алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына Қазақстан Республикасы ӘМ Ақтөбе өңіраралық сот-медициналық сараптама орталығының базасына шығу сабақтары жүзеге асырылды.
Сабақ барысында тыңдаушылар мәйіттің сот-медициналық сараптамасын жүргізу әдістерімен танысып, шұғыл тергеу әрекеттерін, сот-биологиялық және гистологиялық зерттеулерді жүргізу туралы түсінік алды.