1.12.2021
2021 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің жетекшісі Ракишев Рүстем Ғалымжанұлы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ресми сапармен болды.
Институт бастығы полиция полковнигі
А.Б. Байсұлтановпен кездесу аясында екі мекеме арасындағы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласында Меморандумға қол қойылды.
Тараптар, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру, курсанттар мен тыңдаушыларды сапалы даярлау және бірлескен ғылыми қызметті дамыту саласындағы ынтымақтастық жолдарын талқылады.











