Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Ақтөбе облысының ІІД бөлімдері арасында институт құрама командасының қатысуымен өткізілген эстафета

21.06.2017

2017 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында  Ақтөбе облысының құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында жарыс өтті.

Полициялық эстафетаның жалпы негізгі мақсаттары мен міндеттері:

-дене шынықтыру мен спортты насихаттау, денсаулықты нығайту, қалыптастыру  және спортпен шұғылдану;

– ішкі істер органдарында спорттық-дене шынықтыру жұмысын белсендіру;

– Қазақстан полициясының  25 жылдығына орай ұрпақтар сабақтастығын нығайту және патриоттық тәрбие беру;

– ІІО қызметкерлерінің жағымды имиджін қалыптастыру.

         Полициялық эстафета символикалық болып саналады, себебі спортшылар мерзімге сай күнделікті қызметтік формамен (бас киім), ыңғайлы спорттық аяқ киіммен жүгіреді.

         Ақтөбе облысының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бөлімдері арасында 7 команда қатысты, сонын ішінде Қазақстан Республикасының ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрама командасы да бар.

         Аталған эстафетада  командалар екіге бөлініп жүгірді, арақашықтығы 2400 метр – (6+400м.).

        Біздің институт командасына жұбаныш сыйлығы ретінде үстел теннисінің сеткасымен ракеткасын сыйлады.

        Жалпы іс-шара жоғары кәсіби деңгейде өтіп, эстафета өту барысында қатысушыларға жанкүйерлер спорттық рух беріп отырды.

 

 

Ж.Қ.Қаирбаев

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты