22.06.2019
Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара 2019 жылғы 21 маусым күні өтті. «Өнер орталығының» концерттік залында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының полицейлерін, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының және Ақтөбе стансасындағы ЖІІБ қызметкерлерін құттықтап, қиын еңбекте табыс тіледі. Бұл мереке — күн сайын қылмыстылыққа қарсы тұратын, көшелерде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, зардап шеккендерге бірінші болып көмекке келетін адамдардың мерекесі.
«Сіз өз өміріңізді маңызды және жауапты іске – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арнадыңыз. Сіздердің ерліктеріңізге, нақты және кәсіби іс-қимылдарыңызға адамның өмірі байланысты» – деп облыс әкімі атап өтті.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Ақтөбе облысы полиция департаментінің 14 қызметкерін және Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының 7 үздік қызметкерін алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Р.К. Рақышев

















