23.06.2021
2021 жылдың 23 маусымында ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Қазақстан полициясы күніне арналған іс-шара өткізілді онда ІІО зейнеткерлері шақырылды. Полиция полковнигі А.Байсултановтың бұйрығымен қызметкерлер, курсанттар мен тыңдаушылар грамоталармен марапатталды. Іс-шара соңында институт бастығының міндетін атқарушы барлығын кәсіби мерекесімен құттықтап, табыс, мансаптық өсу тіледі.













