20.03.2019
Институт басшылығы, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы қазақ күресіне үлкен назар аударуда. Сол себепті «2019 жыл – Жастар жылы» шеңберінде және «Наурыз» мерекесіне орай, 2019 жылдың 19 наурыз күні институттың ауыспалы құрамы арасында қазақ күресінен институт тарихында алғаш рет «Институт барысы» жарысы өткізілді.
Жарысқа қатысушы спортшылар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), полиция полковнигі А.М. Сайтбеков және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Р.М. Медетов жарысқа қатысушы курсанттарға сәттілік тілеп, келе жатқан «Наурыз» мерекесімен құттықтап, спортта жоғары белестерді бағындыруға серпін беріп, жарысты салтанатты түрде ашты.
Қазақ күресінен жарыс тартысты өтіп, төмендегі аталған курсанттар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: 3-орынды 2 «А» курсы 204 оқу тобының курсанты А.Каражанов, 2-орынды 2 «А» курсы 205 оқу тобының курсанты Н.Болат табан тіресе, 1-орынды 1 «А» курсы 104 оқу тобының курсанты Р.Мұхтаров жеңіп алып, «Институт барысы» атанды.
Жеңімпаздар және жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы Р.М. Медетов және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі А.М. Сайтбеков мақтау қағаздарымен, медальмен марапаттап, ал «институт барысына» кубок беріліп, азулы қасқыр ішігі иығына жабылды.
ӘжДШД кафедрасы
бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
А.А. Мергалиев