Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазақ күресі» спартакиадасы

18.03.2019

«Жастар жылын жариялау туралы» Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының ауыспалы құрамы арасында салауатты өмір салтын және спортты насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының ауыспалы құрамының арасында спартакиаданың бірінші кезеңі ағымдағы жылғы наурыздың 15-і күні Қазақстан  Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында  аталмыш бағытқа байланысты әр қалада шоғырланған  ІІМ-нің оқу орталықтары және жоғары ведомствалық оқу орындары арасында  «қазақ күресі» спартакиадасы өткізілді.

Қазақ халқының осындай тамаша іс-шарасына ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан Петропавл қаласының әскери институты, Теміртау, Павлодар және Қостанай қалаларының оқу орталықтары, сонымен қатар ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының палуандары өз өнерлерін көрсетті. Қай оқу орнының палуандарын алсаңда әрқайсысы өз алдына мықты, әрі байсалды, спартакиадаға жоғары дайындықпен келген спорт шеберлері. Қазағымның төл өнері қазақ күресінен өтіп жатқан бұл жарысымызда 9 команда мүшелері бой көрсетіп жүлделерді сарапқа салды.

ӘжДШД кафедрасының

аға оқытушысы

полиция аға лейтенанты

А.Қ.Қосмұратов