Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қауіпті орындарда шомылу бойынша рейд жұмыстары

29.07.2019

2019 жылғы 27 шілдедеҚазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар бойынша комитетінің Ақтөбе облысы (Ақтөбе қаласы) төтенше жағдайлар бойынша департаментінің жедел-құтқарушылық тобы және Қазақстан Республикасының ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен  Ақтөбе су қоймасының қауіпті орындарында, сонымен қатар шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылу бойынша рейдтік жұмыстарды бірлесе жүзеге асырды.

Рейд барысында (Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары) қауіпті орындарда шомылудағы қауіпсіздік техникасын ұстану, суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары және демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын ұстану ережелері туралы ақпараттық брошюралар, плакаттар мен парақшалар тарату арқылы ескертілді.