Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ҚЫСҚАРТЫЛҒАН НЫСАНДА ОҚИТЫН  БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН АУМАҚТЫҚ ІІО-дағы КӘСІПТІК ПРАКТИКАСЫН ҚОРҒАУ

5.05.2023

ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу жоспарына сәйкес 2023 жылғы 5 мамырда ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, қысқартылған нысанда оқитын 3 курс тыңдаушыларының кәсіптік практикасын қабылдауды жүзеге асырды.

ІІО-ның кәсіби міндеттерін іске асыру,полицияның әкімшілік қызметі саласында практикалық дағдыларды қалыптастыру,жеке адамның және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында кәсіби практикадан өту ІІО-ның аумақтық бөлімшелерінің базасында ұйымдастырылды.

Кәсіби практиканы қорғау барысында тыңдаушылар ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік қызметінің мәні мен маңызы туралы терең білім көрсетті.