Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қаруға, травматикалық патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруға сот-баллистикалық сараптама өндірісін тағайындау мәселелері және ғылыми негізі» тақырыбына байланысты Халықаралық дөңгелек үстел мәжілісін өткізу туралы

27.10.2018

2018 жылғы 26 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының қызметкерлері Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының профессорлық-оқытушылық құрамымен онлайн-тәртібінде  Халықаралық дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы әділет Министрлігі Ақтөбе облысының филиалы бойынша сот сараптама орталығының қызметкерлері мен Ақтөбе облыстық ІІД Жедел криминалистикалық басқармасының криминалист-мамандары шақырылды. Дөңгелек үстел мәжілісінің Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және редакция баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы,полиция подполковнигі А.К.Каримбаева кіріспе сөзімен ашты. Елена Анатольевна Пушкова –  Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының халықаралық қарым-қатынас істері бойынша көмекшісі, техника ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі.
 Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры С.М. Минайдаров «Газды қаруға, травматикалық патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруға криминалистикалық зерттеудің ерекшеліктері» тақырыбына байланысты баяндама оқыды. Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институты криминалистикалық сараптама орталығының аға сарапшысы полиция майоры Антон Николоаевич Петров «Газды қарудың сот-баллистикалық сараптама өндірісі кезінде көкейтесті мәселелері» тақырыбына байланысты баяндама оқыды. Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институты криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Алексей Владимирович Головчанский «Газды қаруға байланысты қолданылатын заттарға сараптама тағайындау және дайындықтың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбына байланысты баяндама оқыды. Ақтөбе облыстық ІІД Жедел криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ө.С. Арықбаев «Сот баллистикасы криминалистикалық техниканың бір бөлігі» тақырыбына байланысты баяндама оқыды. Қазақстан Республикасы әділет Министрлігі Ақтөбе облысының филиалы бойынша сот сараптама орталығының аға сарапшысы М.М. Естанов «Баллистикалық сараптама тағайындау кезінде өзекті мәселелер» тақырыбына байланысты баяндама оқыды. Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Қ.А. Бүркітбаев «WEB интерфейс ақпараттық сервис» тақырыбына байланысты баяндама оқыды.
Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры С.М. Минайдаров атап өткені дөңгелек стол ғылым ізденіс тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Жедел криминалистикалық депатаментінің берген тапсырмасына байланысты зерттеу ізденіс тақырыбы өзінің соңғы мәресіне жетті деп атап өтті. 

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры С.М.Минайдаров