Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қансырау кезіндегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» тақырыбы бойынша ашық тәжірибелік сабақ өткізу туралы

9.11.2020

2020 жылғы 7 қарашада тактикалық арнайы дайындық пәні аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Д.С.Муканова “Қан кету кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек” № 2 тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді.

         Сабақтың кіріспе бөлімінде оқытушы тыңдаушыларды практикалық сабақтарды өткізу жоспарымен таныстырды, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдылары мен біліктіктерін игерудің маңыздылығы туралы айтты.

         Сабақта тыңдаушылар үш топқа бөлінді. Олардың әрқайсысы қан кетуді тоқтату үшін импровизацияланған құралдарды қолдана отырып, алынған тапсырмаларды белсенді орындады. Оқытушы өткізілген сабақтың жалпы қорытындысын шығарды және өзіндік дайындыққа арналған тапсырмалар берді.

         Қан кету кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті, слайдтарды көрнекі, әрі сәтті көрсету және теориялық материалды бекіту тыңдаушылардың нәтижелі жұмысына ықпал етті.

         Сабақты өткізу үшін келесі көрнекі құралдар мен қол астындағы материалдар пайдаланылды: дәрі қобдишасы, мата кесінділері, дәке таңғыштар, галстуктер, қол орамалдар, бинттер, жгут және т.б.. Сонымен қатар, “Қан кету және олардың түрлері”, “Таңғыштардың негізгі түрлері” плакаттары қолданылды.

         Сабақ мақсатына жетті.

ҚҚҚПжК кафедрасының бастығы

полиция полковнигі

Н.Т. Саханова