Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында “Құқық тәртібі” аймақтық оқу орталығының ашылғандығы туралы

26.06.2019

2019 жылғы 25 маусымда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында “Құқық тәртібі” аймақтық оқу орталығының ашылу салтанаты өтті.

Орталық Ақтөбе облысы полиция Департаментімен, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен үш жақты келісім тәртібінде жасалған меморандум аясында ашылды.

Орталықтың ашылу мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу және құқықтанушы саласына болашақ мамандарды оқытудың тәжірибелік бағыттылығында.

Аталған жоба білім беру ұйымдарының және жұмыс берушінің болашақ мамандарды кәсіби және әлеуметтік бейімдеу бойынша олардың тығыз қарым-қатынастарының жемісі болып табылады. Білім алушы оқу үрдісінің  бастапқы кезеңдерінде полицей ретінде кәсіби қызметіне кірісе алады.

“Құқық тәртібі” орталығын ашудың міндеттері – ішкі істер органдары қызметіне қызығушылықты жоғарылату және ынтымақтастық; заң институтында алғашқы кәсіби даярлықтан өтуге үміткерді, Ақтөбе қаласының ЖОО заң факультеттерінің студенттерін және Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ түлектерінің санын көбейту.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты өз тарапынан студенттерді құқық бұзушылық профилактикасының және азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етудің  негіздеріне оқытуды міндетіне алады.

Оқу курсы оқу орнында, аймақтық ішкі істер органдарында және оқу полигондары  бойынша жүзеге асырылады. Оқу сабақтары қатысушылар санына байланысты негізгі оқу үрдісіне әсер етпейтін жағдайда жеке немесе топпен өткізіледі. “Құқық тәртібі” оқу орталығында білім алушы студенттердің болашақта өз өмірлерін қылмыспен күресуге арнауы үшін біздің институтта оқуларын жалғастыруға ниет білдіретіндеріне  сенімдіміз!