10.03.2018
- Сұрақ: Әкімшілік жауаптылық қай жастан басталады?
Жауап:ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 65 бабының талаптарына сай – Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал етудiң шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн.
2. Сұрақ: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер Ішкі істер органдарына мәжбүрлеп әкелуге жатады ма?
Жауап:ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 790-бабын ыңталаптарына сай – өзiне қатысты әкiмшiлiк іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн күштеп әкелу жүргiзiледi.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – тиiсiнше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) белгiлеген тәртiппен қаржы полициясы органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер және қаржы полициясы органдары күштеп әкелудi жүргiзедi.
3.Сұрақ:Кәмелетке толмаған адамға қандай тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн?
Жауап:ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің69 бабыныңталаптарына сай – Кәмелетке толмаған адамға мынадай тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн:
1) заңды түсiндiру;
2) ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;
3) келтiрiлген зиянның есесін толтыру мiндетiн жүктеу;
4) кәмелетке толмаған адамдарды бос уақытын шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.
Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде бiрнеше тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану мерзiмi үш айға дейiнгi ұзақтыққа белгiленедi.
Кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын үнемі орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттiк орган, белгiленген ескіру мерзiмі өтпеген болса, бұл шараның күшiн жою және кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды сотқа ұсынады.
- Сұрақ:Қандай жағдайларда кәмелетке толмағандар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады?
Жауап:ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің68 бабыныңталаптарына сай -Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) оған заңнамада көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.
- Сұрақ:Қандай отбасы тұрмысы қолайсыз отбасы санатына жатады?
Жауап:(«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы, 1-бабының, 10-тармағы) тұрмысы қолайсыз отбасы – кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе заңды өкілдері оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін отбасы.
6.Сұрақ: Кәмелетке толмаған адам қандай мерзімге дейін әкiмшiлiк жазаға тартылды деп есептелінеді?
Жауап:ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің72 бабыныңталаптарына сай – Әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау аяқталған күннен бастап алты ай iшiнде осы жазаға тартылды деп есептеледi.
- Сұрақ:Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сатқандарға қандай жауапкершілік қарастырылған?
Жауап:ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің133 бабыныңталаптарына сай – Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Сұрақ:Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық үшін жауапкершілікке кім тартылады:
435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық
Жауап:ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің435 бабыныңталаптарына сай – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық –
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Сұрақ: Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуына қандай жауапкершілік қарастырылған?
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Жауап:ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің442 бабыныңталаптарына сай –Кәмелеткетолмағандардыңтүнгіуақыттазаңдыөкілдерініңеріпжүруінсізсағат 22-ден таңғы 6-ға дейінойын-сауықмекемелеріндеболуы
–заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы
–заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Сұрақ:Қандай кәмілетке толмағанды қадағалаусыз қалған бала деп атайды?
Жауап:(«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы, 1-бабының, 6-тармағы)қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекеме педагогтарының, тәрбиешілерінің және басқа да қызметкерлерінің тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала.