Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Құраш» күресінен ерлер-әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

1.02.2024

2024 жылғы 25-28 қаңтарында Астана қаласында «Құраш» күресінен ерлер-әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп,       16 салмақ дәрежесі бойынша мықты палуандар бақ сынасты.

Жарыстың алғашқы күнінде +87 келі салмақта институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының оқытушысы полиция майоры Сейтимова Анар Серікқызы екінші орынды женіп алды.

Осылайша, Анар Қазақстан құрама командасына еніп, биылғы жылы өтетін Әлем, Азия чемпионатына және көшпенділер ойындарына қатысуға жолдама алды.

Сейтимова Анар Серікқызы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң коледжін 2007-2009 жылдары оқып аяқтап, әрі қарай Ақтөбе облысы полиция департаментінде түрлі қызметер атқарды. Қызмет барысында ол өзін жауапты және саналы қызметкер ретінде жақсы жағынан көрсете білді. Ол институт ұжымында да лайықты беделімен құрметке ие.