Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Құқықтық сана. Құқықтық мәдениет» тақырыбындағы шебер-класс

28.11.2020

2020 жылғы 27 қараша күні 2020-2021 жылдарға арналған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Құқықтану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және 2 курс студенттері, кәсіби даярлық факультетінің 3-курс курсанттарына Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Ибраева Алуа Саламатовна «Құқықтық сана. Құқықтық мәдениет» тақырыбында онлайн форматының Zomm платформасында шебер – класс өткізді.

Ибраева Алуа Саламатовна – Қазақстанда заң ғылымының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген заңгер ғалым, мемлекеттік тілде “Мемлекет және құқық теориясы” пәні бойынша Қазақстандағы алғашқы оқулықтың авторы. Құқықтық тәрбие, құқықтық мәдениет, құқықтық сана мәселелері бойынша және жастардың құқықтық мәдениетін зерттеумен терең айналысып жүрген ғалым.

Дәріс өткізудегі негізгі мақсат – құқықтық мемлекетте құқықтық мәдениеттің зерттелу деңгейі туралы жете мәлімет беру, жастарға құқықтық тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру, жастарды құқықтық заңдылық талаптарды түсінуге әрі мойындауға баулу, әрбір жеке тұлғаны тәрбиелеу мен қоғамда адамзаттың биік талғамын қалыптастыруға бағыт-бағдар беру.

Алуа Саламатовна дәріс барысында жас буынды бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру үшін құқықтық мәдениет, құқықтық тәрбие және құқықтық сананың орны ерекше екендігін жете түсіндіріп, ерекше мазмұнда дәріс оқыды.

Курсанттар мен студенттер дәріскерге тақырып аясында қызықтырған сұрақтарын қойып, нәтижелі жауаптар алды. Дәріске қатысушылар Ибраева Алуа Саламатовнаға ерекше ризашылығын білдірді.

Жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы

подполковнигі

А.К. Ибраева