17.03.2021
Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауына байланысты Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.Жаманов 3 курс 301-303 оқу топ курсанттарына (онлайн zoom платформасы арқылы) «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидасы» тақырыбында дәріс өткізді.
Сабақ барысында курсанттар оқытушыға тақырыпқа қатысты түрлі сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
ІІО әкімшілік қызметі
кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры А.Б. Жаманов








