15.01.2026
2026 жылдың 12 қаңтарында “Жалпы білім беретін пәндер” кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқық қорғау органдарының оқу орындарында жалпы білім беретін пәндерді оқытудың әдістемесін жетілдіру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқу сабақтарында жасанды интеллект технологияларын белсенді қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер мен тиімді оқыту үлгілерін жан-жақты талқылады. Баяндамаларда білім беру үдерісіне ЖИ құралдарын енгізудің мүмкіндіктері, олардың оқу сапасын арттырудағы рөлі мен практикалық маңызы кеңінен қамтылды. Семинар аясында ұсынылған цифрлық және ЖИ-платформалардың ішінде NoleJ, NotebookLM, Napkin, KimiAI, Educaplay, Wayground және GrokAI ерекше қызығушылық тудырып, олардың сабақ жоспарлау, оқу материалдарын әзірлеу, интерактивті тапсырмалар құрастыру және білім алушылардың оқу белсенділігін арттырудағы әлеуеті қызу талқыланды. Іс-шара профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісіне инновациялық көзқарастарды енгізуге бағытталды. Семинар қатысушылар үшін мазмұнды пікір алмасу алаңына айналып, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға жаңа серпін берді.







