Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарында қаза тапқандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою

31.05.2023

1997 жылдан бері 31 мамыр елде Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіледі. Бүгін, институт қызметкерлері және алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары Ақтөбе қаласы Түйетөбе басында орналасқан жазықсыз жазаланғандарға арналған ескерткішке басында өткен іс-шараға қатысып, ата-баба рухына тағзым етті. Жиынға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер өкілдері, діни қызметкерлер, ардагерлер, қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарында қаза тапқандардың туған-туыстары қатысты. Ескерткіштің нәубет кезеңдердің нышандық белгісі және елдік пен тәуелсіздікке жету жолындағы қасіретті жылдардың көрінісі деп бағалануы дұрыс.