Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ғылымның дамуы

12.04.2021

2021 жылдың 12 сәуірінде “Сақшы” ғылыми үйірмесінің жетекшісі Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры В.Хасанова 2011 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген ғылыми орта өкілдерінің кәсіби мерекесі – Ғылым қызметкерлері күніне арналған үйірме отырысын өткізді. Өткізілген отырыс шеңберінде Қазақстан Республикасында ғылымның қалыптасу және даму тарихы, ғылыми ұйымдардың құрылуы, адам, қоғам және мемлекет үшін ғылым мен ғылыми жетістіктердің рөлі, Қазақстан Республикасындағы ғылыми қызметті құқықтық регламенттеу, сондай-ақ, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары қаралды.

ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының

 аға оқытушысы

 полиция майоры 

 В.Хасанова