Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі

22.12.2022

Ғылыми-зерттеу және редакциялық баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі (ҒЗжРБЖҰБ) Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе институтының Институттың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Институттың ғылыми-зерттеу қызметі жоғары кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік саясатқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ғылым және жоғары білім минисрлігінің бұйрықтарына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • Институттың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру;
  • ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары бойынша Институттың құқық қорғау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
  • профессорлық-оқытушылар құрамының, ғылыми қызметкерлер мен білім алушылардың бірлескен ғылыми зерттеулерге, ғылыми еңбектерді, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығаруға қатысуын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы ІІМ ғылыми-зерттеу қызметінің жоспарын, Институттың күнтізбелік жылға арналған Ғылыми-зерттеу қызметінің жоспарын қалыптастыру;
  • ғылыми конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру, дайындау және өткізу;
  • профессорлық-оқытушылар құрамының, ғылыми қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;
  • ғылыми конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу үшін делегациялармен алмасуды ұйымдастыру;
  • ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу үрдісіне және практикалық қызметке енгізуді есепке алу;
  • Институттың профессорлық-оқытушылар құрамы жұмысының нәтижелерін, жарияланған жұмыстар мен өткізілген конференцияларды есепке алу;
  • білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару;
  • Институт басылымдарының жыл сайынғы Тақырыптық жоспарының орындалуын дайындау, бекіту және бақылауды қамтамасыз ету;
  • бөлімде іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу.

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің құрамы:

  • бөлім бастығы – заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі Сагынтаева Асель Амангельдиевна;
  • ғылыми қызметкер – құқықтану мамандығы бойынша магистр полиция подполковнигі, Алимпиев Алексей Александрович;
  • редактор – Нұрмағанбетова Манет Сағынғалиқызы;
  • корректор – Аманбаева Айгүл Анатолийқызы.

Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі туралы қосымша ақпаратты келесі мекенжайдан алуға болады: Ақтөбе қаласы, Курсанттар тас жолы, 1. Әкімшілік ғимарат, 4-қабат, жұм.тел. 8-7132-98-80-37 ( ішкі. 141,120). Эл. пошта: ooniirir2021@mail.ru