Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

 Ғылыми-педагогикалық тағылымдамалар

30.06.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының магистранттары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ғылыми-педагогикалық тағылымдамаларын тәмәмдап, сертификаттарын алды.
Іс-шараның маңызы ерекше. Өйткені, қос білім ордасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың нақты нәтижесі. Екі мекеме арасында жасалған меморандум аясында жүзеге асып жатқан бұл жұмыс – болашақ құқық қорғау саласының мамандарын даярлаудағы ортақ міндеттің айғағы.
Тағылымдама барысында магистранттарымыз университет қабырғасында заманауи білім берудің үздік әдістемелерімен, ғылыми зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуымен танысып, тәжірибе жинақтады. Бұл олардың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, құқық қорғау жүйесінде қызмет етуге үлкен мотивация береді.
Оқу орындары арасындағы ынтымақтастық нығая берсін!