21.05.2021
2021 жылдың 21 мамырында Қазақстан Республикасы Тәуілсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 50 жылдығына арналған «Ғылым жастар көзімен» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Онлайн формата өткен конференцияға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 3 курс курсанттары қатысып, жалпы заң пәндері кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен дайындалған ғылыми баяндамаларымен сөз сөйледі.
Конференцияға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасы Жоғары оқу орындарының курсанттары мен студенттері қатысып, ІІО-ын дамытудың, құқық бұзушылықтың алдын алудың, қоғамдық қауіпсіздікті қорғаудың және т. б. өзекті мәселелер талқыланды.
Конференцияның қорытындысы бойынша курсанттарға жүлделі орындар табысталды:
- Қошқарова Роксана-1 орын, ғылыми жетекшісі: Ибраева А.К.
- Афанасьева Анна-1- орын, ғылыми жетекшісі:Маханова А.С.
3. Айдосқызы Назым-2 орын, ғылыми жетекшісі: Нұрыш З.З.
4. Шамурова Гаухар – 2 орын, ғылыми жетекшісі: Маханова А.С.
5. Қасымхан Абылай –3 орын, ғылыми жетекшісі: Ибраева А.К.
6. Құралбаев Нұрхат- грамотамен, ғылыми жетекшісі: Джигитова Р.Н.
7. Базарғалиев Бақытжан–грамотамен, ғылыми жетекшісі: Симанова Г.Т.
Жалпы ғылымға жастар көзімен қарау өте маңызды.Ұлтымызбен мемелекетіміздің болашағы жастармен байланысты. Осындай деңгейдегі конференцияның ұйымдастырылуы жастарды ғылымға тәрбиелеуде ерекше үлес қосары сөзсіз.
Жалпы заң пәндері кафедрасы











