Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“Ғасыр көші” көрмесі

18.10.2025

Облыстық өнер музейінде институтта ұзақ жылдар қызмет етіп өмірден өткен Бақытжан Тапаловтың қызы Айнұр Бақытжанқызының жеке шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
“Ғасыр көші” көрмесінде ұлттық мәдениетіміздің терең тамыры, бабалардан жеткен асыл мұра, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, қолөнер мен бейнелеу өнерінің үздік үлгілері заманауи көзқараспен үндестірілген.
Шараға институттың Ардагерлер кеңесінің төрағасы В. Сюняков, қызметкерлері мен курсанттары қатысып, Айнұр Бақытжанқызын жеке шығармашылық көрмесінің ашылуымен құттықтады, автордың туындыларынан рухани әсер алды.