Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ғасыр өмір сүр-ғасыр үйрен»

28.12.2020

2020 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамымен курсанттардың, сондай-ақ, тәжірибелі тергеушілер мен криминалистердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында Ақтөбе облысы ПД жеделкриминалистикалық басқармасының криминалистеріне арналған тәжирібелік сабақтар өткізілді.

Курсанттар мен жас мамандарды оқиға орнын тексерудің тактикасы мен әдістемесіне үйретуге арналған «Оқиға орнын виртуалды тексеру: оқу әдістемелік кешенін» Ресей Федерациясының Астрахань қаласындағы «Іргелі талдау жүйелері» ЖШС әзірледі. Бұл бағдарлама әртүрлі оқиға орындарының интерактивті үш өлшемді модельдерін құруға, сондай-ақ, оқиға орнын виртуалды тексеруге арналған.

Сабақты өткізу кезінде заттай дәлелдемелерді табу, алу және буып-түю үшін криминалистикалық техниканы пайдалана отырып, түнгі уақытта және күрделі ауа райы жағдайларында оқиға орнын қарау бойынша практикалық дағдылар пысықталды.

Сабақ соңында нәтижелер зерделенді және талданды, жіберілген қателіктер бойынша жұмыс жүргізіліп, оқиға болған жерді тексеру барысында қолданылатын практикалық дағдыларды одан әрі жетілдіру үшін практикалық ұсыныстар айтылды.

«ҚҚҚПжК» кафедрасының

аға оқытушысы

полиция подполковнигі

С.М.Минайдаров