24.02.2021
2021 жылғы 23 ақпан күні жалпы заң пәндері кафедрасы оқу процесіне қазақстанның жетекші ғалымдарын тартуды жүзеге асырды. Біліктілікті арттыру және мамандарды қайта даярлау факультетінде қашықтықтан білім алып жүрген ҚАПБ ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлеріне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Ибраева Алуа Саламатовна Заң дайындығы пәнінен «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің конституциялық құқықтық санасын қалыптастырудың, құқықтық мәдениетін жетілдірудің құқықтық негізі және қағидалары» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріскер Қазақстандағы полиция реформасын қолдау шеңберінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің конституциялық құқықтық санасын қалыптастырудың, құқықтық мәдениетін жетілдірудің рөлі ерекше екендігін жете түсіндіріп, ерекше мазмұнда дәріс оқыды.
Тыңдаушылар дәріскерге тақырып аясында қызықтырған сұрақтарын қойып, нәтижелі жауаптар алды. Білім алушылар Ибраева Алуа Саламатовнаға ерекше ризашылығын білдірді.
Жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы
полиция подполковнигі
А.К. Ибраева











