Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ТАЛАПКЕР-2024. АТА-АНАНЫҢ ҮМІТІ АҚТАЛҒАН КҮН

29.07.2024

Бүгін Ақтөбе заң институтында үміткерлер мен олардың ата-аналарының қатысуымен мандаттық комиссияның отырысы өтіп, оқуға қабылданған талапкерлердің есімдері белгілі болды. Ата-аналардың жүзінде ұласқан уайым мен күдік сейіліп, қуанышты сәтті перзенттерімен бірге бөлісті. Жиын барысында институт басшылығы тарапынан талапкерлерге оқу бағдарламасына қатысты жадынамалар таратылып, олардың нысанды киім-кешегі жатын орны, шәкіртақы, демалыс кезеңдеріне қатысты сұрақтарға жауап берілді.

Айта кететін жайт, курсанттарға арналған оқу бағдарламасы 1 қыркүйектен басталады.

Оқуға қабылданған барша талапкерлерді құттықтаймыз!