22.12.2022
Кітапхананың қызметі институт Жарғысына, кітапхана ережесі мен жоспарына және басқа да нормативтік актілеріне сай ұйымдастырылған. Кітапхананың штат саны –3 қызметкерді құрайды: кітапхана меңгерушісі және 2 кітапханашы.
Кітап қорының құрастыруы мен сақталуы, оқырмандардың сұраныстары толық және жылдам қамтамасыз етілуі оңтайлы жолға қойылған. Кітапхананың жалпы кітап қоры бүгінгі таңда 57481 дана кітапты құрайды, оның ішінде 15045 дана мемлекеттік тілде, оқырмандар саны 1395.
Кітапхана қоры жыл сайын жаңартылып, толықтырылып тұрады. Кітап қоры толымдауы институт бағдарына сәйкес профессорлық-оқытушылар құрамының өтінімдері бойынша кітап баспаларынан тапсырыс беру арқылы алынады және профессорлық-оқытушылар құрамының дайындаған еңбектері мен басқа мекемелерден келген кітаптары арқылы қосымша толықтырылады.
Институт кітапханасының пайдаланушыларына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің толық спектрін құрайтын автоматтандырылған «Zan» деректер базасымен жұмыс жасауға және «Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапханамен» басқа оқу орындары кітапханаларының кітаптарымен онлайн танысып, оқу процессінде пайдалана алады. Институт кітапханасы қала кітапханаларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Сондай-ақ «С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап кітапханасы», «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана АҚ Ақтөбе филиалы» кітапханаларымен екіжақты келісімшарттар жасалған. Аталған кітапханалардың кітап қорын пайдалануға мүмкіндік бар.
Кітапхана пайдаланушыларына кітапхананың оқу залында интернет желісіне қосылған компьютерлер бар. Оқу залында мерекелік атаулы күндерге кітап көрмелері ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізіледі. Жоғарыда көрсетілген кітапхананың міндеттері мен функцияларын орындай отырып, институттың білікті мамандар дайындау мақсатында кітапхананың қосар үлесі зор. Институт кітапханасының алға қойған мақсаты: заманауи технологияларды еңгізіп ары қарай жұмыс жасау.














