2.11.2023
Қазіргі біздің қоғамымыздың басты талабы – мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай, бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты, құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі өте күрделі мәселелерді шешуде жаңаша ойланыстарды талап етуде. «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық Құрылтайдың (2023 жылғы 17 маусымдағы) отырысында айтылған ұсыныстарды қарау Жоспарына сәйкес жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жұмыстар жалғасуда.
2023 жылғы 02 қарашада жалпы заң пәндері кафедрасы Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті «Құқық» кафедрасымен бірлесіп «Жаңа Қазақстан құру жағдайында жастардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында семинар өткізді.
Өткізілген семинар белсенді пікірталас түрінде өтті. Іс-шараны ұйымдастырудағы түпкі мақсат – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын, орнату және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, сонымен қатар өздерінің біліміне және болашағына деген жауапкершілікті ынталандыруға насихаттау.
Семинар қорытындысы бойынша студенттер мен тыңдаушылар еркін пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтар мен қажетті ұсыныстарға жауап алды.