Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Арнайы кітапхана

22.12.2022

Арнайы кітапхана оқу және ғылыми-зерттеу процесінің нормативтік және арнайы басылымдарымен толық және жедел қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Бұл шектеулі пайдалану белгілері бар нормативтік құжаттар мен арнайы басылымдардың қоймасы. 

Арнайы кітапхананың негізгі міндеттері оқу және қызметтік іс-әрекетті ұйымдастыруда ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету, мемлекеттік құпияны қорғауды, құпиялық режимін қатаң және мүлтіксіз сақтауды және кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.Кітапханада 30 орындық оқу залы бар. Қор жаңа оқу әдебиеттерімен толықтырылуда. Кітапхана пайдаланушылары үшін жүйелі және алфавиттік каталогтар, нормативтік актілердің картотекалары, мерзімді басылымдар, оқытушылар дайындаған материалдар жасалды.

Арнайы кітапхананы Кряжова Ирина Ивановна басқарады. Кітапханашы кәсіби шеберлігімен, байсалды көзқарасымен курсанттардың өмірлік ұстанымдарын дұрыс бағытта тәрбиелей отырып, болашақ полиция офицерлерінің танымдық әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады.