Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Кафедра общеобразовательных дисциплин

Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрамындағы «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2024 жылғы 23 шілдедегі №575 бұйрығына сәйкес оқу процесінің құрылымын жетілдіру мақсатында құрылған.

Кафедра келесі білім беру бағыттары бойынша базалық және жалпыбілімдік пәндерді оқытуды жүзеге асырады:

  • Бакалавриат – 6В12301 «Құқық қорғау қызметі»;
  • Магистратура (ғылыми-педагогикалық бағыт) — 7М12301 «Құқық қорғау қызметі».

Білім беру бағдарламаларының іске асырылуын жоғары ғылыми-педагогикалық әлеует қамтамасыз етеді. Профессорлық-оқытушылық құрамында тәжірибелі ғалымдар мен педагогтар, ғылым кандидаттары мен магистрлері бар.

Кафедрада үлгілік және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес оқу-әдістемелік материалдардың толық жинағы дайындалған: жұмыс бағдарламалары, силлабустар, бақылау-өлшеу материалдары, әдістемелік ұсынымдар.

Білім сапасын арттыру мақсатында оқу үдерісіне тәжірибелі мамандар, ғалымдар мен түрлі сала өкілдері белсенді түрде тартылады, олар қонақ дәрістер мен семинарлар форматында өткізіледі.

Кафедра ғылыми, ағартушылық және тәрбиелік жұмысты белсенді жүргізеді. Ол курсанттардың жоғары моральдық және кәсіби бағдарларын қалыптастыруға бағытталған. Осы қызмет аясында білім алушылардың зияткерлік, мәдени және патриоттық әлеуетін дамытуға ықпал ететін іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Маңызды іс-шаралардың қатарында төмендегідей тәрбиелік мәні зор шаралар ұйымдастырылды:

  • «Үш тілдің құдіреті» тілдік іс-шарасы – үш тілдің мәдени құндылығын дәріптеу, тілдерге құрмет көрсету;
  • «Ұлы даладағы заң мен тәртіп» зияткерлік Quiz ойыны – құқықтық сана-сезімді арттыру, заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау;
  • «Тілге құрмет – елге құрмет» топаралық сайысы – мемлекеттік және шетел тілдерін меңгерудің маңызын түсіндіру, көптілді маман қалыптастыру;
  • «Мен – батырдың ұрпағымын» эссе байқауы – Жеңістің 80 жылдығына орай патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихи жадты дәріптеу;
  • «Қазақстанның салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» ашық сабағы – ұлттық дәстүрлерді салыстыру арқылы тілдік және коммуникативтік дағдыларды дамыту;
  • «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы дәріс – әдеби шығармалар арқылы патриотизм мен табандылықты дәріптеу;
  • «Интернет технологиялары» ашық тәжірибелік сабағы – электронды пошта хаттамаларын меңгеру және ақпараттық құзыреттілікті арттыру;
  • «IQ дода» зияткерлік ойыны – 1-курс курсанттарының логикалық ойлау қабілеті мен білімін шыңдау;
  • Күлмұханова Д.З.-ның IV Халықаралық шешендік өнер байқауындағы жеңісі – «Ойдың құрылымдылығы» номинациясы бойынша үздік атану;
  • «Тілдік емес жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың өзекті мәселелері және олардың ықтимал шешімдері» республикалық дөңгелек үстелі – тіл үйретудегі қиындықтар мен шешімдерді талқылау;
  • Практикалық қызметкерлерді тарту семинары – тәжірибе алмасу, кәсіби өсуге ықпал ету;
  • «What a wonderful World of English» тілдік іс-шарасы – шетел тілін оқуға қызығушылықты арттыру және курсанттар арасындағы достық атмосфераны нығайту.

Кафедрада білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы орайда кафедра Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақтөбе филиалымен, «Русский мир» орталығы және басқа да қоғамдық ұйымдар мен мәдени-ағартушылық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлескен жобаларды, конференциялар мен патриоттық іс-шараларды жүзеге асырады.

Институттың құқықтық тәрбие жоспары аясында кафедра бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді. Олар білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталды. Бұл іс-шаралар кафедраның жоғары белсенділігін және жұмыстың түрлі бағыттарында қол жеткізген нәтижелерін көрсетті. Өткізілген іс-шаралар өз тиімділігін дәлелдеп, курсанттар мен оқытушылар құрамынан оң пікір алды.

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы оқу, ғылыми және тәрбие жұмысын белсенді түрде дамытуды жалғастырып, Қазақстан Республикасы құқық қорғау жүйесі үшін жан-жақты дамыған, жоғары білікті мамандар даярлауға өз үлесін қосып келеді.

«Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуетімен қамтамасыз етілген.

  1. Каирова Нелля Имамуратовна кафедра бастығы заң ғылымдарының кандидаты, профессор, РЖҒА корреспондент-мүшесі.
  2. Мухтарова Анара Кожабеккызы кафедраның аға оқытушысы-филология ғылымдарының магистрі.
  3. Жаксыбаева Кунзиба Капеновна кафедраның аға оқытушысы-педагогика ғылымдарының магистрі.
  4. Бердигалиева Гулим Нурлыбаевна кафедра оқытушысы-әлеуметтік ғылымдар магистрі.
  5. Қантөре Алтынай Темірханқызы кафедра оқытушысы-педагогика ғылымдарының магистрі.
  6. Нурланов Еламан Нуржанович кафедра оқытушысы-тарих ғылымдарының магистрі.
  7. Ыбраева Айман Амалбекқызы кафедра оқытушысы.
  8. Маланьина Людмила Сергеевна кафедра оқытушысы.