19.05.2025



2025 жылғы 12- 17 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірлерінің Полиция департаменттерінен келген кадр қызметкерлеріне «Заманауи кезеңдегі кадр қызметі жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.
Курс барысында қызметкерлер заңнамалық жаңашылдықтар, қызмет барысындағы маңызды мәселелердің теориялық және тәжірибелік шешімдері, олардың дұрыс қолданылу бағыты бойынша дағдыларды меңгерді. Курс сонында қызметкерлерге біліктілікті арттыру курсынан өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.