26.11.2025



2025 жылғы 26 қарашада Байшев Университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдығына және университеттің 30 жылдығына арналған «Заң және тәртіп: жастардың азаматтық жауапкершілігі мен белсенділігі» атты ғылыми іс шара өтті.
Осы іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1–2 курс курсанттары жалпы заң пәндері кафедрасының “Заңгер” ғылыми үйірмесі аясында белсенді түрде қатысып, өз ойларын ортаға салды, заң және тәртіп, құқықтық мәдениет пен жастардың азаматтық жауапкершілігі жөніндегі талқылауларға атсалысты.
Іс-шара соңында институт курсанттары жоғары белсенділігі мен үлгілі дайындықтары үшін алғыс хаттармен марапатталды.







