Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында фотокөрме өткізілді

20.10.2025

Бүгін М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында фотокөрме өткізілді.
Көрменің басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметін халыққа жақын көрсету, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы еңбегін насихаттау.

Әрбір сурет – полиция қызметінің қиын да құрметті еңбегін айқындайтын өмірлік көрініс.