Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

«Заң мен тәртіп» тақырыбында эстафета өткізілді.

28.06.2025

1-курс курсанттары арасында Дене шынықтыру және Жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Заң мен тәртіп тақырыбында эстафета өткізілді.
Мақсаты — курсанттардың шапшаңдығы мен логикалық ойлауын дамытып, заң мен тәртіпке деген қызығушылығын арттыру.
Эстафета барысында, 4 команда өз ұрандарымен қатысып, түрлі кезеңдерден өтті:
Логикалық сұрақтар
Заңға байланысты тест тапсырмалары
«Кім жылдам?» – доп арқылы сұрақтар
Шар ішінде ситуациялық тапсырмалар орындалды.
Эстафета соңында белсенді курсанттар грамоталармен марапатталды!