Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Тілге құрмет-елге құрмет

18.06.2025

Тіл – ұлттың жаны. Тілге деген құрмет – өз мәдениетімізге, мемлекетімізге деген құрметтің көрінісі.

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгеріту аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбындағы курсанттар арасында топаралық сайыс өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілді, орыс және шетел тілдерін меңгерудің маңыздылығын насихаттау, сондай-ақ көптілді кәсіби маман қалыптастыруға ықпал ету.
Сайыс барысында білім алушылар өздерінің терең тілдік білімін, логикалық ойлау қабілетін, шешендік өнері мен топпен жұмыс істеудегі үйлесімділігін жоғары деңгейде көрсете білді.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.