Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

12.06.2025

2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кәсіби-психологиялық даярлық кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына профессор-оқытушылар құрамы, біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары қатысты. Іс-шара барысында қазақ тілінің тарихи мәні, ұлттық бірегейлікті сақтаудағы рөлі және Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы маңызы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар тіл саясаты, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолданыс аясын кеңейту жолдары бойынша өз ой-пікірлерін білдірді.
Тыңдаушылар тарапынан мазмұнды баяндамалар ұсынылып, өзекті мәселелер бойынша сұрақ-жауап, пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру мақсатында ұсыныстар мен бастамалар қабылданды.